Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №10-04/40-К бұйрығымен «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК директоры лауазымына 2024 жылғы 3 қаңтардан бастап Нұралиев Дәурен Серікұлы тағайындалды.
Нұралиев Дәурен Серікұлы 1987 жылы 23 маусымда Шымкент қаласында туған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетін ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмәмдаған. Ал 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетін ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша магистр дәрежесімен тәмәмдаған.
Ол бұған дейін әр жылдары жеке құрылымдарда жұмыс атқарды. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да ақпараттық технологиялар жөнендегі басқарушы директоры болып қызмет атқарды.
2022 жылдан бері «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары қызметін атқарды.