1986 жылы 11 мамырда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған.
2013 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін тәмәмдап, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болды.
Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Инженерлік орталығы" ШЖҚ РМК-да АТД техникалық қамтамасыз ету және жөндеу секторының технигі лауазымынан бастады.
2008-2012 жылдары – Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Инженерлік орталығы" ШЖҚ РМК-да АТД техникалық қамтамасыз ету және жөндеу секторының инженері, АЕЖ сүйемелдеу және әкімшілендіру бөлімінің инженері, ДЭЕМ техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженері.
2012 жылғы қаңтар айы мен 2013 жылғы қазан айына дейін – Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Инженерлік орталығы" ШЖҚ РМК-да ДЭЕМ техникалық қызмет көрсету бөлімінің 2-санатты инженері, жүйелік-техникалық қызмет көрсету бөлімінің 2-санатты инженері.
2013 жылдың қазан айынан бастап – Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Инженерлік орталығы" ШЖҚ РМК ІТ жүйелік-техникалық қызмет көрсету бөлімінің 1-санатты инженері.
2014 жылдың қаңтар айынан бастап – Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Инженерлік орталығы" ШЖҚ РМК-да ақпараттық-есептеу техникасын әкімшілендіру және қызмет көрсету бөлімінің 2-санатты инженері.
2014 жылғы қаңтар айы мен 2017 жылғы қыркүйек айына дейін – Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Инженерлік орталығы" ШЖҚ РМК-да ақпараттық-есептеу техникасын әкімшілендіру және қызмет көрсету бөлімінің 1-санатты инженері, ақпараттық-есептеу техникасын әкімшілендіру және қызмет көрсету секторының 1-санатты инженері.
2017 жылғы қаңтар айы мен қыркүйек айына дейін – Астана қаласындағы ШЖҚ-дағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" РМК-да ақпараттық-есептеу техникасын әкімшілендіру және қызмет көрсету секторының 1-санатты инженері.
2017 жылғы қыркүйек айы мен 2020 жылғы желтоқсан айына дейін – Астана қаласындағы ШЖҚ-дағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" РМК-да ақпараттық-есептеу техникасын әкімшілендіру және қызмет көрсету қызметінің жоғары санатты инженері, әкімшілендіру және жедел қызмет көрсету қызметінің жоғары санатты инженері.
2021 жылғы қаңтар айы мен 2022 жылғы маусым айына дейін – Астана қаласындағы ШЖҚ "МТҚБ ИО" РМК-да әкімшілендіру және жедел қызмет көрсету қызметінің желілік инфрақұрылым архитекторы.
2022 жылғы маусым айы мен 2026 жылғы тамыз айына дейін – Астана қаласындағы ШЖҚ "МТҚБ ИО" РМК-да әкімшілендіру және жедел қызмет көрсету қызметінің басшысы.
2026 жылғы 17 тамыздан бастап "ҚР ПІБ инженерлік-техникалық орталығы" ШЖҚ РМК директорының орынбасары болып тағайындалды.
2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК директоры.