Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы - Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық қызметтер нарығындағы жетекші компаниялардың бірі.
Компания Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Президент Іс басқармасына, Үкімет Аппаратына, Конституциялық Сотқа және басқа да мемлекеттік органдарға заманауи, жоғары тиімді технологияларды енгізу арқылы кәсіби және сапалы ақпараттық-техникалық қызмет көрсетумен айналысады.