«ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ШЖҚ РМК және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ бірлесіп, ҚР ПІБ цифрландыру және жобалық басқару бөлімінің қолдауымен ҚР Президенті Іс басқармасы қызметінің саласына жасанды интеллект элементтерін енгізуге арналған «Жасанды интеллект: GPT және басқалары» сессиясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға орталық аппараттың және ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ жасанды интеллект элементтерін енгізу және пайдалану мәселелері бойынша сарапшылар қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының базасында өтті. Іс-шараның модераторы болып Инженерлік-техникалық орталықтың директоры Дәурен Серікұлы Нұралиев сөз сөйледі.
Сессияны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов ашып, жасанды интеллект тақырыбы қазіргі таңда заманымыздың озық технологиялық сын - қатерлерін ғана емес, сонымен қатар біздің қоғам мен экономиканы трансформациялау және нығайту үшін керемет мүмкіндіктерді білдіретінін атап өтті.
ЖИ мемлекеттік секторға енгізуге ұмтылыс біздің болашағымыздың жоғары интеллектуалды технологияның жолында екендігіне деген жалпы мойындауымызды көрсетеді. Алайда, айқын артықшылықтарға қарамастан, бізді киберқауіпсіздік, этика, кадрларды оқыту және қолданыстағы заңнамалық нормаларды бейімдеу сияқты күрделі сын-қатерлер күтуде.
Тақырып бойынша шақырылған төрт спикер баяндама жасады.
- Замир Төлешов, Қ.С. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Цифрлық техника және технологиялар институты» АҚ Басқарма Төрағасы, киберқауіпсіздік жөніндегі маман, АТ- жобалардың сәулетшісі;
- Артем Рычко, «Қаздрим холдингі» Машиналық оқыту бөлімінің басшысы;
- Максим Беженарь, «Mindsales» CEO және «BPM Tracker» CRM қазіргі кәсіпкері, «Astana HUB» Халықаралық IT паркінің» трекері, «ICU Халықаралық Коучтер Одағының» сертификатталған коуч.
- Ербол Абсалямов, Назарбаев Университетінің ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты директорының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары.
Спикерлер өз білімдерімен бөлісіп пікір алмасты, сондай-ақ жасанды интеллектіні пайдаланып дайын кейстер көрсетілімі жүргізілді.