Жыл сайынғы спартакиада аясында ведомстволық бағынысты ұйымдар мен ҚР ПІБ орталық аппаратының командалары, сондай-ақ жүйе қызметкерлерінің балалары арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Ашылу салтанатында ҚР ПІБ аппаратының басшысы Серік Кенжебаев құттықтау сөз сөйледі. Ол турнирдің Балаларды қорғау күніне орайластырылғанын атап өтіп, барлық қатысушыларға спортта да, өмірде де табыс пен жеңіс тіледі.
Турнирге екі топқа бөлінген және айналмалы жүйеде ойнаған 14 команда қатысты.
Қарқынды жекпе-жекте «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені қызметкерлері жеңіске жетті, екінші орынды ПІБ Автошаруашылығының өкілдері иеленді, ал үшінші орынды Инженерлік-техникалық орталықтың командасы алды. 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы жарыста мықтылар анықталды, және үш жас теннисші арнайы сыйлықтарға ие болды.
Сондай-ақ, «Үздік техника» номинациясын біздің қызметкер – Айдын Мұхаметжанов алғанын мақтанышпен атап өткіміз келеді. Айдын Мұхаметжанов жеңіс оңай болмағанын, оған жарыстың әр кезеңінде барынша табандылық пен жеңіске деген ерік-жігерді көрсетуге тура келгенін айтты.
Оған табыс, жаңа спорттық жетістіктер және барлық бастамаларына жеңіс тілейміз!