Командалық рухты нығайту және қызметкерлерді бір-бірімен таныстыру мақсатында Инженерлік-техникалық орталықта тимбилдинг өткізілді.
Іс-шара табиғат аясында өтіп, қатысушыларға таза ауада белсенді демалуға және бейресми жағдайда қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Бұл бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжым жұмысының тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Тимбилдингке келген қызметкерлер өзара 2 топқа бөлініп, сайысқа түсті. Қатысушылар топтық жұмыс жасап, өзара көмек көрсетіп, бірлескен міндеттерді шешуде креативтілік танытты.
Тимбилдинг оның қатысушыларына керемет көңіл-күй сыйлады, қызметкерлер қызықты командалық ойындарға қатысып, жақсы демалды.