Ұлттық валюта теңге күні – еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігінің белгісі!
Теңгеміз алғаш рет 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енді. Сол күннен бастап ол мемлекетіміздің қаржылық тәуелсіздігінің, тұрақтылығы мен дербестігін айқындап келеді. Бүгінде теңге – Қазақстанның экономикалық даму жолындағы негізгі тірегі.
Теңгеміз елімізге береке, ырыс, бірлік алып келсін! Экономикамыз нығайып, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін. Әр шаңырақта молшылық пен береке болғай!