Басты бетСтратсессия. Инженерлік- техникалық орталықтың қызметкерлері компанияның даму бағыттарын талқылады

Стратсессия. Инженерлік- техникалық орталықтың қызметкерлері компанияның даму бағыттарын талқылады

Стратсессия. Инженерлік- техникалық орталықтың қызметкерлері компанияның даму бағыттарын талқылады Стратсессия. Инженерлік- техникалық орталықтың қызметкерлері компанияның даму бағыттарын талқылады Стратсессия. Инженерлік- техникалық орталықтың қызметкерлері компанияның даму бағыттарын талқылады

Инженерлік-техникалық орталықтың қызметкерлері үш күндік стратегиялық сессияға қатысып, болашаққа жоспар жасап, команда ретінде бірігу жолдарын қарастырды.


Сессия 6-8 желтоқсан аралығында CPBA&CPVA TTI Success Insights сертификатталған аналитигі, ToP фасилитаторы және тәжірибелі бизнес-тренер Меруерт Жүнісбектің басшылығымен өтті.

Іс-шараға 50-ге жуық маман қатысты. Олар компанияның стратегиялық мақсатын айқындап, даму бағыттарын белгіледі, ішкі процестерді талдап, алдағы жылға арналған маңызды жұмыс басымдықтарын анықтады.

«Инженерлік-техникалық орталық – ақпараттық-коммуникациялық қызметтер нарығындағы жетекші компаниялардың бірі. Бұл стратегиялық сессия біздің дамуымызды дұрыс бағытта жоспарлауға мүмкіндік берді. Біз қандай қиындықтар кедергі болатынын талдап, оларды жоюға бағытталған нақты қадамдарды анықтадық», – деді орталық директоры Дәурен Нұралиев.