ИТО басшылығы мен құрылымдық бөлімше басшылары үшін стратегиялық сессия ұйымдастырылып, негізгі шешімдер мен мақсаттар айқындалды.
Сессияны Agile-коуч, фасилитатор және процестерді трансформациялау мен командаларды дамыту саласының сарапшысы – Азамат Қожахметов пен ICU коучы, бизнес-тренер, консультант, экономика магистрі (Плеханов атындағы РЭА), Executive MBA (КИМЭП) – Айдар Қатаев сияқты білікті мамандар жүргізді.
Сессия барысында негізгі мәселелер анықталып, стратегиялық мақсаттар мен нақты қадамдар әзірленді.
Жұмыс командалық форматта ұйымдастырылып, әртүрлі пікірлерді ескеруге және теңгерімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.
Сессия қорытындылары:
• негізгі мәселелер айқындалды;
• стратегиялық мақсаттар мен нақты қадамдар әзірленді;
• командалық жұмыс тәсілі өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттырды.
Фасилитаторларға кәсібилігі мен қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!