











«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері және кибергигиена нормаларын сақтау» семинары аясында Инженерлік-техникалық орталығы ақпараттық қауіпсіздікті күшейту және киберқауіптерге қарсы әрекетті жетілдіруге бағытталған компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Президенті Іс басқармасы жүйесінде Цифрландыру және жобалық басқару бөлімі ұйымдастырған семинар өтті. Оған орталық аппарат пен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ шақырылған сарапшылар қатысты.
«Жеке және қызметтік деректерді қорғау – ұйымдар үшін де, әрбір азамат үшін де басым міндет. Цифрлық орта жылдам күн санап дамып, жаңа технологиялар пайда болуда. Бірақ олармен бірге жаңа қауіптер де туындайды. Ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз», – деп атап өтті ҚР ПІБ Цифрландыру және жобалық басқару бөлімінің меңгерушісі Дәурен Молдахметов.
Семинарда ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Ерболат Қалым және Нұрбол Мұқашев, ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ өкілі Алмат Махамбетов, MSSP GLOBAL компаниясының тәуелсіз киберқауіпсіздік сарапшысы Медет Турин, tLab компаниясының халықаралық сарапшысы Арнұр Тоқтабаев сөз сөйледі.
Сарапшылар деректерді қорғауды күшейту әдістері, фишингтік шабуылдарға қарсы тұру және қазіргі заманғы киберқауіптер туралы толық ақпарат берді.
Семинар қорытындысы бойынша Инженерлік-техникалық орталық пен МТҚБ Инженерлік орталығы Қазақстандағы кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы, MSSP GLOBAL және tLab компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл компаниялар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылар болып табылады. Және құпия деректерді қорғау мен кибершабуылдардың алдын алу бойынша мол тәжірибеге ие.
Тараптар ұйымдардың киберқауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамалар мен шараларды өткізу, тәжірибе алмасу және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа шешімдерді әзірлеу туралы келісімге келді. Жақын арада мемлекеттік органдар қызметкерлерінің кибергигиена мәдениетін қалыптастыруға арналған оқыту бағдарламалары жүзеге асырылады.
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы серіктестікті дамытудағы маңызды қадам болды. Қазіргі цифрлық дәуірде деректерді қорғау тек заманауи технологияларды енгізуді ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік бойынша білім мен дағдыларды үнемі жетілдіруді қажет етеді.