




«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы» «Yandex Qazaqstan» өкілдігімен бірлесіп, мемлекеттік жобаларда жасанды интеллект технологияларын практикалық қолдануға арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.
Іс-шараға Іс басқарманың, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Семинар заманауи технологиялар саласындағы біліктілікті арттырудың маңызды қадамы болды.
Семинар барысында «Yandex Qazaqstan» сарапшылары компанияның корпоративтік және мемлекеттік құрылымдармен жұмыс тәжірибесіне негізделген жасанды интеллектті қолдануға қатысты өзекті шешімдер мен табысты кейстерді ұсынды.
Қатысушылар Іс басқармасы жүйесінде жасанды интеллектті қолданудың ықтимал бағыттарын, соның ішінде процестерді автоматтандыруды, тиімділікті арттыруды және қызмет сапасын жақсартуды талқылады.
Президент Іс басқармасының цифрландыру және жобалық басқару бөлімімінің менгерушісі Даурен Молдахметов айтуынша, бүгінде жасанды интеллект – жай ғана үрдіс емес, нақты шешімдер қабылдауға, процестерді жеделдетуге және командаларға түсетін жүктемені азайтуға көмектесетін тиімді құрал.
Мұндай оқыту форматтары цифрлық құзыреттерді дамытуға және мемлекеттік секторда заманауи шешімдерді жүйелі түрде енгізуге ықпал етеді.
Осы аптада Мемлекет басшысы «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдағанын еске салайық.
Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan-ның цифрлық трансформацияға және азаматтардың өмір сапасын арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Платформалық жұмыспен қамту мен жасанды интеллект технологияларын дамыту бастамаларына баса назар аударылды.