


Президент Іс басқармасында 8 наурыз қарсаңында әйелдер қауымы марапатталды. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысы Асхат Нұрпейісов қызметкер әйелдеріне марапаттар табыстады.
ҚР ПІБ жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін:
• Мемлекет Басшысының атынан «Құрмет» орденімен – Инженерлік-техникалық орталықтың кадр жүйесін дамыту басқармасының жоба жетекшісі Анара Есендирова марапатталды;
• ҚР ПІБ Басқарушысының атынан «Алғыс» алғыс хатымен – Телекоммуникация басқармасының бас маманы Мадина Тойгулова марапатталды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында мерекелік концерт өтті.