




Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасының дәстүрлі спартакиадасы аясында оған қарасты ұйымдар қызметкерлері арасында шахматтан жарыстар өтті.
Турнирге әр мекемеден екі адамнан құралған 14 команда қатысты.
Зияткерлік сайыстағы табанды күрестің нәтижесінде жеңіс Инженерлік-техникалық Орталық командасы алды. Екінші және үшінші орындарды Мемлекеттік резиденциялар басқармасы мен Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының командалары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубок пен медаль және қаржылай сыйақы тапсырылды.
ПІБ Спартакиадасы жыл соңына дейін жалғасады. Алда — мини-футбол, волейбол, қазақ күресі
және басқа да спорт түрлері бойынша жарыстар күтіп тұрғанын айта кетейік.