Басты бетИТО Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі атанды

ИТО Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі атанды

ИТО Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі атанды ИТО Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі атанды ИТО Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі атанды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы Qaz.AI – Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығына мүше болып кірді.


Тиісті құжатқа бүгін «Инженерлік-техникалық орталық» ШЖҚ РМК директоры Даурен Нуралиев пен «Qaz.AI» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ешмұхамбетов қол қойды.


Қауымдастыққа қосылу ИТО үшін мемлекеттік сектор жобаларында озық жасанды интеллект шешімдерін қолдануға жаңа мүмкіндіктер ашады.


Мүшелік болу арқылы Кәсіпорын жасанды интеллект саласындағы өзекті зерттеулерге, білім беру бағдарламаларына және заманауи әдістемелерге қол жеткізіп, кәсіби іс-шараларға қатысып, ұлттық цифрлық экожүйені дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу процестеріне белсенді араласа алады.

 

Еске сала кетейік, Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы (Qaz.AI) 2023 жылғы мамырда елдің цифрлық трансформациясы мен тұрақты дамуына бағытталған озық ЖИ технологияларын енгізу және дамыту мақсатында құрылған. Жоба мемлекет, бизнес және ғылым күш-жігерін біріктіру арқылы қоғам өмірінің сапасын арттыруға және Қазақстанның әлемдік технологиялық қауымдастықтағы позициясын нығайтуға қабілетті инновациялық экожүйе құру жөніндегі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған.