
2025 жылғы 19 мамырдағы № 387-л/с бұйрық негізінде Уразбаев Назар Александрович ҚР Президенті Іс басқармасының «Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары болып тағайындалды.
Назар Александрович 1984 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Басқару институтын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірді.
Кәсіби еңбек жолын 2002 жылы «World of Travel» туристік фирмасында инженер-жүйе технигі ретінде бастады. 2003-2006 жылдары «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша кеңесші болып жұмыс істеді.
2006 жылдан 2025 жылғы 16 мамырға дейін «МТҚБ Инженерлік орталығы» ШЖҚ РМК директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.