

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада өткен WSIS Prizes 2025 беделді халықаралық байқауында «Ахуалдық-талдамалық кешені» жобасының жеңіске жетуіне байланысты Инженерлік-техникалық орталықтың ұжымына алғыс жариялады.
Мемлекет басшысы елдің халықаралық беделін арттыруға қосқан елеулі үлесі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін ризашылығын білдірді. Президенттің атынан алғыс хатты ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Бақытжан Сариев табыс етті.
WSIS Prizes байқауындағы жеңіс отандық IT-шешімдердің жоғары деңгейін және ИТО-ның еліміздің цифрлық трансформациясына қосқан үлесін айқын дәлелдеді.
Сонымен қатар WSIS Prizes 2025 байқауына қатысқаны және ақпараттық жүйелерді дамытуға қосқан үлесі үшін ИТО-ның 18 қызметкері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.