


Президент Іс басқармасында «Орталық Азия - Қытай» екінші саммитін дайындауға және өткізуге атсалысқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Марапатталғандардың қатарында іс-шараны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан Инженерлік-техникалық орталықтың мамандары бар. Марапаттарды Президент Іс басқарушысы Асхат Нұрпейісов табыстады.
ИТО саммитті ең жоғары деңгейде өткізу үшін қажетті жағдай жасап, барлық техникалық жүйелердің тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті.
Еске салайық, 17 маусымда Астанада «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті өтті. Саммитке Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысты. Саммиттің күн тәртібіне қауіпсіздік мәселелері, өңірлік ынтымақтастықты нығайту, саяси диалогты кеңейту, сауда, көлік, энергетика, инновациялар және тұрақты даму салаларын дамыту мәселелері кірді.