
Бүгін Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығының (ИТО) алаңында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының («ҰАТ»АҚ) әріптестерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар ақпараттық жүйелерді интеграциялау және бірлескен цифрлық шешімдерді дамыту мәселелерін талқылады. ИТО цифрландыру саласындағы жобалары мен негізгі жетістіктерін таныстырды, ал «ҰАТ» АҚ өз сервистерін дамыту перспективалары және оларды кеңейту жоспарларымен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша, ИТО мен «ҰАТ» АҚ мемлекеттік цифрлық сервистердің тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық өзара іс-қимылды және салалық ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.