Басты бетЦифрлық қорғаныс дағдылары: КШТТО ИТО қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді

Цифрлық қорғаныс дағдылары: КШТТО ИТО қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді

Цифрлық қорғаныс дағдылары: КШТТО ИТО қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді Цифрлық қорғаныс дағдылары: КШТТО ИТО қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді

ИТО-да кибергигиенаны арттыруға арналған оқыту іс-шарасы өтті. Ол Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығымен (КШТТО) бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті қатерлері туралы хабардарлығын арттыру және цифрлық қорғаныс бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Тренингті КШТТО ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Диас Абдиғазизов өткізді. Семинар барысында қатысушылар күнделікті цифрлық өмірде өздерін және дербес деректерін қалай қорғау керектігі туралы білім алды: қауіпсіз аутентификация ережелері мен электрондық қолтаңбамен жұмыс істеуден бастап, банк сервистерін, интернет пен әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалануға дейін.

Жеке назар алаяқтық схемаларын тануға аударылды. Қатысушылар күмәнді сілтемелерді тексеру тәсілдерін, алдауға тырысқан жағдайларды анықтау жолдарын және мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйренді. Спикер киберқылмыскерлердің нақты айла-тәсілдерін мысалға келтіріп, күнделікті цифрлық өмірде қауіп-қатерлерді азайтуға және қауіпсіздікті арттыруға көмектесетін практикалық құралдармен бөлісті.

Кездесу соңында сарапшы қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, өзінің практикалық ұсыныстарын ортаға салды және цифрлық сауаттылықтың жеке де, корпоративтік те қауіпсіздіктің негізі екенін атап өтті.