Басты бетИТО мен Астана хабы: цифрлық шешімдердің таныстырылымы және меморандумға қол қою жөніндегі уағдал...

ИТО мен Астана хабы: цифрлық шешімдердің таныстырылымы және меморандумға қол қою жөніндегі уағдаластық

ИТО мен Астана хабы: цифрлық шешімдердің таныстырылымы және меморандумға қол қою жөніндегі уағдаластық

Мемлекеттік қызмет саласында Астана хабтың кеңсесінде Инженерлік-техникалық орталық өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында ИТО Президент Іс басқармасы жүйесінде іске асырылып жатқан негізгі жобаларды таныстырды: Ахуалдық-талдамалық кешен (АТК), Бірыңғай кадрлық жүйе (БКЖ), веб-портал, ИРБП, БМАЖ, Ұлттық жобаларды басқару және мониторинг платформасы, Рұқсаттама бюросы және басқа да цифрлық шешімдер.

Талқылау ынтымақтастықты дамытуға, отандық IT-өнімдерді ілгерілетуге, сондай-ақ оларды БҰҰ-ның өңірлік және халықаралық бастамаларына ықпалдастыруға арналды. Қатысушылар тәжірибе алмасу, цифрлық шешімдерді масштабтауға жәрдемдесу және мемлекеттік басқару саласында Қазақстанның инновациялық орталық ретіндегі рөлін нығайту мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2025 жылғы 2–4 қазанда Астанада өтетін Digital Bridge халықаралық форумы аясында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға уағдаласты.