Басты бетҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы Астанада өтетін халықаралық іс-шараларға техникалық дайынды...

ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы Астанада өтетін халықаралық іс-шараларға техникалық дайындықты қамтамасыз етті

ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы Астанада өтетін халықаралық іс-шараларға техникалық дайындықты қамтамасыз етті ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы Астанада өтетін халықаралық іс-шараларға техникалық дайындықты қамтамасыз етті

Бүгін Қазақстанның астанасында түрлі конфессиялар, қоғамдық және саяси орта өкілдері арасындағы диалогқа арналған бірегей халықаралық алаң - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтіп жатыр.

Биыл форум жұмысына әлемнің 60 елінен келген 100-ден астам делегация қатысуда. Олардың қатарында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің рухани көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері бар.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы іс-шараны өткізуге жан-жақты техникалық дайындық жүргізді. Оның ішінде цифрлық инфрақұрылымды ұйымдастыру, телекоммуникациялық жүйелерді баптау, трансляцияларды қамтамасыз ету және арнайы жабдықтардың жұмысын қолдау бар. Қатысушылардың ыңғайлы әрі тиімді жұмысы үшін заманауи технологиялық платформа құрылды.

Негізгі отырыстар Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр, мұнда 1000-нан астам адам жиналған. Халықаралық толыққанды диалог үшін 10-нан астам тілге синхронды аударма қамтамасыз етілді.

16 қыркүйек күні Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының XXІІІ отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жетекшісі Мәулен Әшімбаев төрағалық етті. Бағдарлама 18 қыркүйекте «Жастар бейбіт қатар өмір сүру үшін: болашақ жолындағы синергия» ұранымен өтетін Жас дін көшбасшыларының II форумымен аяқталады.