Басты бетDigital Bridge 2025 форумы 2-4 қазан күндері Астанада өтеді

Digital Bridge 2025 форумы 2-4 қазан күндері Астанада өтеді

Digital Bridge 2025 форумы 2-4 қазан күндері Астанада өтеді

2–4 қазан күндері Астанада Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум – Digital Bridge 2025 өтеді.
Шара әлемдік IT-индустрия көшбасшыларын, технологиялық алыптардың өкілдерін, стартаперлерді, инвесторларды және мемлекеттік институттарды бір алаңға тоғыстырады.

Форумның басты тақырыбы – «Generative Nation»: Қазақстан мен бүкіл өңір үшін жаңа кезең, қоғамның білімге ұмтылысы және жаһандық технология дәуіріндегі көшбасшылыққа сенімді қадам.

GovTech аймағында мемлекеттік органдардың цифрлық шешімдері таныстырылады. Сондай-ақ, форум бағдарламасында шетелдік жетекші сарапшылардың қатысуымен «AI vs AI» панельдік сессиясы өтеді.


Билеттерді digitalbridge.kz ресми сайтында сатып алуға болады.