Басты бетИТО XVI Еуразиялық KAZENERGY форумының техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз етті

ИТО XVI Еуразиялық KAZENERGY форумының техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз етті

ИТО XVI Еуразиялық KAZENERGY форумының техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз етті

Астанада XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы өз мәресіне жетті. Kazakhstan Energy Week 2025 аясында өткен бұл шара әлемдік энергетика саласындағы өзекті үрдістер мен сын-қатерлерді талқылауға арналған басты алаңға айналды.

Форум Қазақстан Үкіметінің мүшелерін, Орталық Азия елдерінің ресми делегацияларын, халықаралық ұйымдардың басшыларын, әлемдегі ірі энергетикалық компаниялардың топ-менеджерлерін, жетекші сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктірді. Талқылаудың негізгі тақырыптары – энергетикалық жүйелердің тұрақтылығы, инфрақұрылымды жаңғырту, жаңартылатын энергия көздерін енгізу, цифрландыру және жаңа энергетикалық тәртіпті қалыптастырудағы Орталық Азия елдерінің рөлі болды.

 Биылғы форумға әлемнің 50 елінен 2,5 мыңнан астам делегат, сондай-ақ энергетика секторындағы 300-ден астам ірі компанияның өкілдері қатысты. Негізгі отырыс Тәуелсіздік сарайында өтті.

Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету мақсатында Президент Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығы форумның цифрлық инфрақұрылымын жан-жақты дайындады. ИТО мамандары инфокоммуникациялық жүйелердің бапталуы мен тұрақты жұмысын, арнайы техникалық шешімдердің жұмыс істеуін, сондай-ақ форумның баспасөз залдарына трансляциясын қамтамасыз етті.

         Қатысушылардың өзара тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін төрт тілде синхронды аударма ұйымдастырылды. Бұл шара түрлі елдер мен ұйымдар өкілдері арасында ашық және нәтижелі коммуникация орнатуға мүмкіндік берді.

Еске салайык, Инженерлік-техникалық орталықтың негізгі бағыттарының бірі – әртүрлі деңгей мен ауқымдағы іс-шараларға техникалық қолдау көрсету. Жыл басынан бері ИТО мамандары 1800-ге жуық іс-шараны, соның ішінде 20-дан астам Мемлекет басшысының қатысуымен қамтамасыз етті.