
Төрт қазақстандық техникалық жоғары оқу орнының студенттері ИТО-да өндірістік және дипломалды тәжірибеден өте алады.
Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (ҚазҰТЗУ), Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ), сондай-ақ Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Серіктестіктің мақсаты – мемлекеттік деңгейдегі заманауи цифрлық шешімдер саласында жұмыс істей алатын жаңа буын инженерлік-техникалық және IT мамандарын даярлау.
Тәжірибеден өту студенттерге алған білімдерін іс жүзінде қолдануға, нақты жобаларға қатысуға және мемлекеттік органдар мен елдің цифрлық инфрақұрылымының заманауи технологияларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық аясында студенттер Инженерлік-техникалық орталықта өндірістік және диплом алды тәжірибеден өте алады. Бұл оларға теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, мемлекеттік органдардың жұмысын қамтамасыз ететін нақты жобалар мен технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Инженерлік-техникалық орталықта «Біз үйренуге, дамуға және заманауи технологияларды мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешуге қолдануға дайын жас әрі талантты кадрларға мүдделіміз. ИТО-дағы тәжірибе - ірі IT-жүйелердің нақты уақыт режимінде қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.
Тәжірибе IT мамандықтарының 3-4 курс студенттеріне арналған және бағдарламалық қамтамасыз ету, жүйелік әкімшілендіру, киберқауіпсіздік, деректерді талдау және жобаларды басқару сияқты бағыттарды қамтиды. Тәжірибеден өтуге өтінімдер студент оқитын университет арқылы қабылданады. Тәжірибе ақысыз негізде өткізіледі, алайда оны табысты аяқтау Кәсіпорында жұмысқа орналасуға алғашқы қадам бола алады.
Президент Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығы еліміздің техникалық жоғары оқу орындарымен көп жылдан бері серіктестік орнатып, жас мамандарға өз есігін айқара ашып келеді. Соңғы жылдары онда ондаған студенттер тәжірибеден өтіп, жоғары мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ететін озық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесін алды.