2025 жылғы 5 қарашадағы №1029 – л/с бұйрығына сәйкес Айдын Асқаров Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы директорының орынбасары болып тағайындалды.
Айдын Нұрлыбекұлы 1991 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Сүлейман Демирел атындағы университетті «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын бітіріп, менеджмент бакалавры дәрежесін алған.
Цифрлық трансформация, киберқауіпсіздік және күрделі ІТ-жобаларды басқару саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар ІТ-саладағы білікті басшы. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Samruk-Kazyna қоры және KazTransOil компаниясында басшылық қызметтер атқарған.
2024 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР ПІБ Медициналық орталығында цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша жобалық кеңсе басшысы болып қызмет еткен.