Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай Инженерлік-техникалық орталықта салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Президент Іс басқармасы жүйесінде 25 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлер - Алексей Литовченко мен Бану Омиржанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Президент Іс басқарушысы Асат Нұрпейісовтың атынан ақпараттық технологиялар саласының дамуына қосқан зор үлесі және адал еңбегі үшін Нүркен Абесов, Шынар Акмуратова, Саябек Нұрмагамбетов, Жанна Мырзабаева, Арнұр Есенгазиев, Қарлығаш Бейсенова және Рүстем Қабдушев Алғыс хаттармен марапатталды.
Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтың атынан Александр Вастьянов «Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен марапатталды.
Инженерлік-техникалық орталықтың дамуына қосқан үлесі үшін ИТО директоры Даурен Нұралиевтің Алғыс хатымен Игорь Моисеенко, Кеңес Қанназар, Алмас Искаков, Ерік Оспанов, Айжан Искакова және Айдар Жандосов марапатталды.