Басты бет › 2025 жылы ИТО шамамен 40 мың өтінімді өндеді

2025 жылы ИТО шамамен 40 мың өтінімді өндеді

2025 жылы ИТО шамамен 40 мың өтінімді өндеді

2025 жылы Президент Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығы атқаратын жұмыстар көлемін ұлғайтты. Есепті кезеңде ИТО мамандары 200-ден астам ұйымға қызмет көрсетіп, шамамен 40 мыңға жуық өтінімді өңдеді.

​Салыстырмалы түрде алсақ, 2024 жылы ИТО 193 ұйымға қызмет көрсетіп, 38 176 өтінімді орындады, ал 2023 жылы – 87 ұйымға және 2 406 өтінімге қызмет көрсетті. Соңғы жылдардағы динамика кәсіпорын қызметінің айтарлықтай кеңейгенін және мемлекеттік құрылымдар тарапынан жоғары сапалы техникалық қолдауға сұраныстың өсіп келе жатқанын көрсетеді.

​Негізгі өтінім түрлері жабдықты диагностикалау, электрондық өткізу жүйелерін қызмет көрсету, желі мен телефонияға қолжетімділікті қамтамасыз ету, пайдаланушы есептік жазбаларын құру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуді қамтиды.

​Еске сала кетейік, ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы Президент Әкімшілігіне, Президент Іс басқармасына, Үкімет Аппаратына, ПІБ Медициналық орталығына, Конституциялық сотқа, Президент Архивіне және басқа да мемлекеттік органдарға техникалық және ақпараттық қызмет көрсетеді.