Экрандарда халықаралық саммиттер, жоғары деңгейдегі келіссөздер және мемлекеттік отырыстар көрсетілгенде, көрермендер дәл бейнені, анық дыбысты және мінсіз ұйымдастырушылықты көреді. Алайда сыртқы кемелдіктің артында, экраннан тыс қалған мамандардың үлкен тобының қажырлы еңбегі жатыр.
Ресми іс-шаралардың техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасының Президент Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығы жүзеге асырады.
2025 жыл Инженерлік-техникалық орталық үшін ерекше маңызды болды. Жыл ішінде ИТО мамандары мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі 3900-ден астам іс-шараны техникалық дайындап, өткізді, оның ішінде Мемлекет басшысының қатысуымен 35-тен астам халықаралық кездесулер болды. Олардың қатарында елдің саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі ірі оқиғалар бар: Үкіметтің кеңейтілген отырыстары, халықаралық саммиттер, шетел мемлекеттері басшыларымен екі жақты келіссөздер және ресми кездесулер. Ең маңызды шаралардың қатарында «Орталық Азия – Италия» және «Орталық Азия - Қытай» саммиттері, Дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің VIII съезі, Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу, Ұлттық кеңестің отырыстары, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы, сондай-ақ отандық кәсіпкерлермен кездесулер бар.
Халықаралық диалогтың ауқымдылығы ерекше назар аудартады. Жыл ішінде ИТО Италия, Қытай, Израиль, Венгрия, Әзірбайжан, Финляндия, Иран, Вьетнам және басқа да мемлекеттердің басшыларымен, сондай-ақ Еуропа Кеңесі Президентімен, Абу-Даби мұрагер ханзадасымен және Иордания Хашимит Корольдігі Королімен келіссөздердің техникалық қамтамасыз етуін ұйымдастырды. Әрбір кездесу мінсіз дәлдікті талап етеді, себебі дипломатияда, әсіресе техникалық мәселелерде ұсақ-түйек деген болмайды.
Мемлекеттік іс-шаралармен қатар, ИТО коммерциялық салада да белсенді жұмыс істейді. Тәуелсіздік Сарайы мен Президенттік орталық алаңдарында ENACTUS Kazakhstan, халықаралық кітап көрмесі, тарихшылар конгресі, XVI KAZENERGY Евразиялық форумы, «Kazinform»-ның 105 жылдығына арналған мерекелік шаралар және басқа да ондаған ірі іс-шаралар сәтті өтті.
Қазіргі таңда Инженерлік-техникалық орталықтың техникалық бақылауында 8 ғимарат және 80-нан астам конференц-зал бар, олар заманауи конференциялық байланыс жүйелерімен, синхронды аударма, кәсіби дыбыс күшейту, жарық және бейне жабдықтарымен жабдықталған. Бұл инфрақұрылым әртүрлі форматтағы және деңгейдегі іс-шараларды, жабық келіссөздерден бастап ауқымды халықаралық форумдарға дейін бір уақытта өткізуге мүмкіндік береді.
Инженерлік-техникалық орталық әрі қарай да жоғары ұйымдастырушылық деңгей мен мінсіз техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың негізгі техникалық оператор ретіндегі мәртебесін растауды жалғастыра береді.