Басты бетЦифрлық мемлекеттің архитекторлары: ИТО қызметкерлері IT-архитекторлар академиясының алғашқы түле...

Цифрлық мемлекеттің архитекторлары: ИТО қызметкерлері IT-архитекторлар академиясының алғашқы түлектері қатарына енді

Цифрлық мемлекеттің архитекторлары: ИТО қызметкерлері IT-архитекторлар академиясының алғашқы түлектері қатарына енді Цифрлық мемлекеттің архитекторлары: ИТО қызметкерлері IT-архитекторлар академиясының алғашқы түлектері қатарына енді

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ПІБ Инженерлік-техникалық орталық өз ЖИ-шешімдерін әзірлеу және енгізумен қатар, кадрлық әлеуетті нығайтуға басымдық береді.

ИТО-ның үш қызметкері жаңа IT-архитекторлар академиясында оқуды сәтті аяқтап, 300 үміткердің арасынан өткен конкурстық іріктеу нәтижесінде алғашқы легтің 20 қатысушысының қатарына енді.

Оқуға ИТО корпоративтік архитектура және техникалық қадағалау бөлімінің басшысы Нұрлан Аманжолов, бас маман-инженер Серік Ахметов және өнімдік талдаушы Баршын Омарали қатысты.

IT-архитекторлар академиясы – цифрлық мемлекеттің мамандарының архитектуралық құзыреттерін дамытуға бағытталған Цифрлық үкіметті қолдау орталығының білім беру бастамасы. Жоба мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторды бірыңғай стандартталған цифрлық ортада біріктіретін Архитектуралық кеңесті қалыптастыру және белсенді цифрландыру жағдайында іске асырылуда.