Басты бетИТО қызметкерлері ПІБ спартакиадасы аясында өткен шаңғы жарысына қатысты

ИТО қызметкерлері ПІБ спартакиадасы аясында өткен шаңғы жарысына қатысты

ИТО қызметкерлері ПІБ спартакиадасы аясында өткен шаңғы жарысына қатысты ИТО қызметкерлері ПІБ спартакиадасы аясында өткен шаңғы жарысына қатысты ИТО қызметкерлері ПІБ спартакиадасы аясында өткен шаңғы жарысына қатысты ИТО қызметкерлері ПІБ спартакиадасы аясында өткен шаңғы жарысына қатысты ИТО қызметкерлері ПІБ спартакиадасы аясында өткен шаңғы жарысына қатысты

21 ақпан 2026 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының спартакиадасы аясында Іс басқармасы жүйесінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтті.

Іс-шара қызметкерлер арасында дене шынықтыруды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және командалық рухты нығайтуға бағытталды.

Жарысқа ҚР Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығының қызметкерлері: Олжас Аманбаков (35 жастан жоғары ерлер санаты), сондай-ақ Ғалымжан Әсемханов, Жания Меңлібай, Назерке Қамбарқанова және Дәулет Жұмабаев (35 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер санаты) қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Инженерлік-техникалық орталықтың қызметкері Назерке Қамбарқанова 35 жасқа дейінгі әйелдер арасында 2-орынға ие болып, жоғары спорттық дайындық деңгейі мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

ИТО қызметкерлерінің спорттық іс-шараларға қатысуы корпоративтік мәдениетті дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжым ішіндегі командалық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.