2026 жылғы 27 ақпандағы №173-л/с бұйрыққа сәйкес Бауыржан Мұхамедқалиев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы директорының орынбасары болып тағайындалды.
Бауыржан Жаңбыршыұлы 1984 жылғы 14 сәуірде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Еуразия гуманитарлық институтын «Қаржы» мамандығы бойынша және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар, жобалық басқару және қаржы-экономикалық жоспарлау салаларында көпжылдық еңбек тәжірибесі бар.
Еңбек жолын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүйесінде бастаған. Әр жылдары «ҚазАвтоЖол» АҚ-да, «БРК-Лизинг» АҚ-да, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалық басқару орталығында және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-де басшылық және сарапшылық лауазымдарды атқарған.
Тағайындалғанға дейін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы» ШЖҚ РМК-да мемлекеттік сатып алулар бөлімін басқарған.