Басты бетҚазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы-да Наурыз мейрамы атап өтілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы-да Наурыз мейрамы атап өтілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы-да Наурыз мейрамы атап өтілді Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы-да Наурыз мейрамы атап өтілді Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы-да Наурыз мейрамы атап өтілді Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы-да Наурыз мейрамы атап өтілді

20 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Президенттік орталық ғимаратында ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шара «Наурызнама» онкүндігі аясында өтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталды.

Бағдарлама үш негізгі бөлімнен тұрды: «Тоғызқұмалақ» ұлттық зияткерлік ойыны, «Наурыз дастарханы» байқауы және Наурыз мерекесіне арналған концерт.

Ұлттық тағамдарды сақтау және дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі тағамдарының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін мерекелік дастархандарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік қатысушыларды анықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және түрлі номинациялармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығы «Гүлденген дала» тұжырымдамасын ұсынып, ұлттық дәстүр мен эстетиканың үйлесімін көрсетті. Дастархан ұлттық ыдыстар мен дәстүрлі тағамдармен безендірілді. Үстелдер көктемнің, жаңарудың және даланың оянуының белгісі ретінде сары қызғалдақтармен әрленді.

Қонақтарды дәстүрлі қазақ тұрмысын бейнелейтін киіз үйде қарсы алды. Экспозицияда көне тұрмыстық бұйымдар мен ұлттық қару-жарақ элементтері ұсынылып, тарихи-мәдени мұраға тереңірек үңілуге мүмкіндік берді.

Іс-шараның салтанатты атмосферасын ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындалған «Көңілашар» күйі толықтырды. Ұлттық киім киген Инженерлік-техникалық орталық қызметкерлері қонақтарды әнмен, жылы әзілмен және қазақы қонақжайлықпен қарсы алды.

«Наурыз дастарханы» байқауының қорытындысы бойынша Инженерлік-техникалық орталық командасы құрметті үшінші орынға ие болды. Бұл - шығармашылық көзқарастың, командалық жұмыстың және ұлттық дәстүрлерге деген құрметтің лайықты бағасы. Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін ИТО қызметкерлері Гүлнұр Әбішева Әділхановна және Жания Жангелдықызы Менлібай Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасы Әкімшілігінің Басшысының алғысына ие болды.