Басты бетИТО Nazarbayev University-де өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

ИТО Nazarbayev University-де өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

ИТО Nazarbayev University-де өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты ИТО Nazarbayev University-де өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты ИТО Nazarbayev University-де өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты ИТО Nazarbayev University-де өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты ИТО Nazarbayev University-де өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы Назарбаев Университетінде өткен NU Job Fair 2026 ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараны Мансап және кәсіби бағдар беру орталығы ұйымдастырды.

Биыл жәрмеңкеге 120-дан астам қазақстандық және халықаралық компаниялар қатысып, олардың қатарында мемлекеттік сектор, банк саласы, IT-индустрия, денсаулық сақтау және басқа да салалардың өкілдері болды.

Іс-шара барысында ИТО қызметкерлері қызығушылық танытқан студенттерді кәсіпорын қызметімен таныстырып, жұмысқа орналасу және тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

«Біз жаңа таланттарға әрдайым ашықпыз, жас мамандардың бастамашылдығы мен амбициясын жоғары бағалаймыз. Бүгінгі жәрмеңке әлеуетті кандидаттармен тікелей байланыс орнатуға және бірыңғай кадрлық құрамды қалыптастыруға тиімді алаң болды», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығының адам ресурстарын дамыту бөлімінің HR-менеджері Диана Укиметова.

Еске сала кетейік, ИТО еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен жүйелі түрде өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Қолданыстағы меморандумдар аясында студенттер өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтіп, практикалық дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ нақты жобаларды іске асыруға қатысуға мүмкіндік алады. Бұл олардың кәсіби қалыптасуына және әрі қарай жұмысқа орналасуына ықпал етеді.