Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
«Мөлдір бұлақ» бастамасы шеңберінде ұжым Есіл – Нұра каналы бойындағы аумақта тұрмыстық қалдықтардан санитарлық тазалау және жинау жұмыстарын жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша ҚР ПІБ орталық аппаратының қызметкерлерімен және басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірлесіп 300-ден астам қап қоқыс жиналды.
Қоршаған ортаға қамқорлық жасау ҚР ПІБ жүйесінің корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта тұрақты негізде экологиялық мәдениетті арттыруға, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайы мен жайлылығын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жалғасын табады.