«Таза Қазақстан»: ИТО қызметкерлері жалпықалалық сенбілік барысында шамамен 100 қап қоқыс жинады
2026 жылғы 25 сәуірде Астана қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шара қалалық ортаны абаттандыруға, экологиялық мәдениетті арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.
Сенбілікке Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Іс басқармасы мен басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері белсенді қатысты.
ИТЦ-дан шамамен 80 қызметкер жұмылдырылып, олар ДТ «Западный» ауданындағы тұрғын алап аумағында бекітілген учаскеде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шамамен 100 қап тұрмыстық қалдық жиналып, аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылып, абаттандыру деңгейі арттырылды.
Инженерлік-техникалық орталық алдағы уақытта да қалалық ортаны жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған экологиялық акциялар мен бастамаларды белсенді қолдауды жалғастырады.