Құрметті қазақстандықтар!
ИТО атынан сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке - татулықтың, бейбітшілік пен өзара құрметтің жарқын белгісі. Әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің, тілдер мен көзқарастардың бір арнада тоғысуы - еліміздің басты байлығы әрі тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі.
Біз өзара түсіністік пен қолдауға негізделген қоғамда өмір сүріп, еңбек етіп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Осы айтулы күн баршамызға жаңа жетістіктерге жетуге шабыт беріп, сенімімізді нығайтып, бірлескен табысты жұмыстарға жол ашсын.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, еңбектеріңізге табыс және жарқын болашақ тілейміз! Әр шаңырақта тыныштық, береке мен бірлік орнасын!
Мереке құтты болсын!