Басты бетИТО-да Байланыс қызметкерлері күніне орай марапаттау рәсімі өтті

ИТО-да Байланыс қызметкерлері күніне орай марапаттау рәсімі өтті

ИТО-да Байланыс қызметкерлері күніне орай марапаттау рәсімі өтті

17 мамыр күні Қазақстанда телекоммуникация желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, заманауи қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі – Байланыс қызметкерлері күні атап өтіледі.

Кәсіби мереке қарсаңында байланыс саласын дамытуға, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге қосқан елеулі үлесі және көпжылдық адал еңбегі үшін Асылбек Бекмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің «Байланыс саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, Байланыс қызметкерлері күніне орай, сондай-ақ Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығының дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін Кәсіпорын директорының Құрмет грамотасымен Дюсенов Талгат Гаукартасович, Утюгенов Нурлан Кусманович, Апбазов Нурбек Темирулы, Доскалиев Аслан Сапаргалиевич, Салимов Жанболат Кабдоллаевич, Әлімғазы Рустем Ерікұлы, Мамбетов Азамат Адилович, Агзамов Жандос Марденович, Өмірзақ Дінмұхамед Сабырұлы және Имаш Ильяс Ғаниұлы қызметкерлер марапатталды.