Басты бетИТО қызметкері Түркі мемлекеттері ұйымы саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін марапатталды

ИТО қызметкері Түркі мемлекеттері ұйымы саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін марапатталды

ИТО қызметкері Түркі мемлекеттері ұйымы саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін марапатталды ИТО қызметкері Түркі мемлекеттері ұйымы саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін марапатталды ИТО қызметкері Түркі мемлекеттері ұйымы саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін марапатталды

Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы Іс-шараларды техникалық даярлау және сүйемелдеу басқармасының бас маманы Нұрбек Апбазов 2026 жылғы 15 мамырда Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының Алғыс хатымен марапатталды.

Халықаралық іс-шараны дайындау мен өткізуге елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында өтті.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті түркі мемлекеттері арасындағы саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды. Кездесу барысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен серіктестікті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Осындай жоғары халықаралық деңгейдегі іс-шараның табысты өтуі оның техникалық және ұйымдастырушылық сүйемелденуін қамтамасыз еткен мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мамандардың үйлесімді жұмысының нәтижесі болды.