Басты бетИнженерлік-техникалық орталықта Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

Инженерлік-техникалық орталықта Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

Инженерлік-техникалық орталықта Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді Инженерлік-техникалық орталықта Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді Инженерлік-техникалық орталықта Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Гимні ресми түрде бекітілді. Олар – тәуелсіздік, егемендік және Қазақстан халқының бірлігін айшықтайтын маңызды нышандар.

Мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихы мен жетістіктерін бейнелеп, мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершілікті еске салады.

Инженерлік-техникалық орталықтың қызметкерлері дәстүр бойынша жұмыс күнін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірлесіп орындаудан бастап, еліміздің басты мемлекеттік рәміздеріне және барша қазақстандықтарды біріктіретін ортақ құндылықтарға құрмет білдірді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!