Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында V Еуразиялық экономикалық форум мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын дайындауға және өткізуге қатысқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
2026 жылғы 9 маусымдағы Жарлыққа сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен Телекоммуникациялар басқармасының басшысы Мадина Тойгулова, Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым және байланыс жүйелері басқармасының жетекші маманы Мағжан Қадырбеков және Әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету және коммуникациялар басқармасының бас маманы Болат Ақпанов марапатталды.
Президент Іс басқарушысының Алғысымен Инженерлік-техникалық орталық директорының орынбасары Асылбек Тұрғанбеков, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері Абзал Анашбаев, Ақылбек Қалабаев, Нұрлыбек Ермаханов, Әлішер Сабыров және Жұмабек Кәрімов марапатталды.
V Еуразиялық экономикалық форум 2026 жылғы 28–29 мамыр күндері Қазақстанның төрағалығымен Астана қаласында өтіп, 44 елден келген 3 мыңға жуық қатысушының басын қосты. Марапаттардың табысталуы форумның ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелденуін жоғары деңгейде қамтамасыз еткен қызметкерлердің кәсібилігін мойындаудың белгісі болды.