Басты бетҮздіктер қатарында: ИТО мамандары «Cyber Academy» - де оқуға грант ұтып алды

Үздіктер қатарында: ИТО мамандары «Cyber Academy» - де оқуға грант ұтып алды

Үздіктер қатарында: ИТО мамандары «Cyber Academy» - де оқуға грант ұтып алды

Инженерлік-техникалық орталықтың қызметкерлері Ілияс Имаш пен Ерасыл Мәулетханов «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасы бойынша оқу гранттарының иегері атанды.

Мамандар іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, осалдықтарды анықтауға арналған арнайы CTF-турнирде және кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдылары бағаланған жеке сұхбаттасуларда жоғары нәтиже көрсетті. Іріктеудегі жеңіс олардың ақпаратты қорғау саласындағы жоғары даярлық деңгейі мен тәжірибелік дағдыларын растады.

Алдағы 6 ай ішінде қатысушылар пентестинг, осалдықтарды талдау және заманауи киберқауіптерге қарсы іс-қимыл бағыттары бойынша біліктіліктерін жетілдіреді.

Жоба Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ бірлесіп жүзеге асырып, киберқауіпсіздік саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.