Басты бетИТО «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысты

ИТО «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысты

ИТО «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысты ИТО «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысты ИТО «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысты ИТО «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысты ИТО «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысты ИТО «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысты ИТО «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының кезекті кезеңіне қатысып, Астана қаласында өткен жалпықалалық сенбілікке атсалысты.

Экологиялық іс-шараға Кәсіпорынның 30 қызметкері қатысты. Сенбілік барысында шамамен 25 қап қоқыс жиналды.

Тазалық жұмыстары Президент саябағында Ә. Бөкейхан және Керей-Жәнібек хандар көшелерінің бойындағы аумақта жүргізілді. Қатысушылар аумақты қураған бұтақтардан, жапырақтардан, тұрмыстық және өсімдік қалдықтарынан тазалап, оған қоса жаяу жүргіншілер жолдары, жасыл желектер мен іргелес аумақтарды ретке келтірді.

Президент Іс басқармасына қарасты ұйымдардың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Экологиялық іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде өткізіліп, Президент Іс басқармасының еліміздің әр өңіріндегі нысандарын қамтиды.

2026 жылдың басынан бері Президент Іс басқармасы жүйесінің ұйымдары 11 экологиялық сенбілік өткізді. Оның төртеуіне Инженерлік-техникалық орталықтың қызметкерлері қатысып, 140-тан астам маман жұмылдырылды. Осы кезеңде бірлескен күш-жігердің нәтижесінде 100-ден астам қап қоқыс жиналып, шығарылды.