Басты бетИТО қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

ИТО қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

ИТО қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады ИТО қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады ИТО қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады ИТО қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Кезекті сенбілік Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жатақханасы аумағында өтіп, Президент Іс басқармасына қарасты ұйымдардың қызметкерлерін біріктірді.

Экологиялық іс-шараға Инженерлік-техникалық орталықтың 35 қызметкері қатысты. Қатысушылар аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша бірқатар жұмыстарды атқарды: тұрмыстық қоқыстарды жинады, қураған шөптер мен арамшөптерді тазартты, өсіп кеткен учаскелерді ретке келтіріп, жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандырды.

Жалпы сенбілікке Президент Іс басқармасы жүйесіндегі ұйымдардың 100-ге жуық қызметкері қатысты. Олардың қатарында «Астана-20» мемлекеттік қоры мен Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадио кешенінің қызметкерлері де бар.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елді мекендерді абаттандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып қала береді. 2026 жылдың басынан бері Президент Іс басқармасы жүйесінде 4 мыңға жуық адамның қатысуымен 15 сенбілік ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде 3 800-ге жуық қап қоқыс жиналып, шығарылды.