Басты бетПрезиденті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы «Болашақ ойындары – 2026» турнирін сүй...

Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы «Болашақ ойындары – 2026» турнирін сүйемелдеуде

Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы «Болашақ ойындары – 2026» турнирін сүйемелдеуде Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы «Болашақ ойындары – 2026» турнирін сүйемелдеуде Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы «Болашақ ойындары – 2026» турнирін сүйемелдеуде Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы «Болашақ ойындары – 2026» турнирін сүйемелдеуде Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы «Болашақ ойындары – 2026» турнирін сүйемелдеуде

Астанада ең ірі мультиспорттық турнир - «Болашақ ойындары – 2026» (The Games of the Future 2026) басталды. Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы 9 тамызға дейін жалғасатын жарыстарды өткізуге тартылды.

Бас жедел орталықтың құрамында Инженерлік-техникалық орталық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ барлық жарыс алаңдарындағы телекоммуникациялық және мультимедиялық инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдем көрсетуде.

Цифрлық даму министрлігімен, «Болашақ ойындары» дирекциясымен, ЦАРКА ұйымымен, телерадиокомпаниялармен, байланыс операторларымен және интернет-провайдерлермен өзара іс-қимыл аясында интернет желісінің, мобильді байланыстың және телефонияның тұрақты жұмысы қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар, Инженерлік-техникалық орталықтың мамандары мультимедиялық инфрақұрылымды сүйемелдеуге қатысуда. Атап айтқанда, жарықдиодты экрандардың, бейнетрансляция жүйелерінің, дыбыс күшейту жабдықтарының және ішкі бейнебақылау жүйелерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп, техникалық ақауларды жедел жоюға қолдау көрсетілуде.

Алғаш рет ресми халықаралық спорттық іс-шараны сүйемелдеуге Инженерлік-техникалық орталықтың ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі тартылып отыр. Мамандар ІТ-инфрақұрылым мен ақпараттық жүйелердің қорғалуын қамтамасыз етуге, ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға және ықтимал киберинциденттерге ден қоюға дайындықты қамтамасыз етуге қатысуда.

«Болашақ ойындары – 2026» – дәстүрлі спортты, киберспортты және заманауи технологияларды біріктіретін фиджитал спорт саласындағы ең ірі халықаралық турнирлердің бірі. Жарысқа 34 елден 800-ден астам спортшы қатысуда.