Басты бетПрезиденті Іс басқармасында цифрлық сауаттылық мәселелері талқыланды

Президенті Іс басқармасында цифрлық сауаттылық мәселелері талқыланды

Президенті Іс басқармасында цифрлық сауаттылық мәселелері талқыланды Президенті Іс басқармасында цифрлық сауаттылық мәселелері талқыланды Президенті Іс басқармасында цифрлық сауаттылық мәселелері талқыланды

Инженерлік-техникалық орталықтың қызметкерлері цифрлық сауаттылық пен кибергигиенаны арттыруға арналған оқыту семинарына қатысты. Іс-шараны Президенті Іс Басқармасы ҚР Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ жанындағы Компьютерлік инциденттерге ден қою ұлттық қызметімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыру және цифрлық ортада қауіпсіз жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.

Семинар барысында қатысушыларға заманауи киберқауіптер туралы ақпарат беріліп, жеке және қызметтік деректерді қорғауға қатысты практикалық ұсынымдар ұсынылды. Сарапшылар корпоративтік құрылғылармен, банк сервистерімен, интернет-ресурстармен және әлеуметтік желілермен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларына жан-жақты тоқталды.

Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Нақты мысалдар негізінде спикерлер киберқылмыскерлердің кең таралған әрекет ету тәсілдерін көрсетіп, фишингтік шабуылдар мен күмәнді сілтемелерді қалай анықтау керектігін, сондай-ақ киберинциденттердің алдын алу және жеке ақпаратты қорғау үшін қандай шаралар қабылдау қажеттігін түсіндірді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, цифрлық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған қосымша практикалық ұсынымдармен танысты. Сарапшылар кибергигиена қағидаларын сақтау және цифрлық сауаттылықты тұрақты түрде арттыру жеке де, корпоративтік те ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі екенін атап өтті.