2026 жылғы 14 тамыздағы № 953-ж/қ бұйрық негізінде Қабанбаев Аслан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Аслан Әлібекұлы 1986 жылы Екібастұз қаласында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының «Инженерлік орталығы» РМК ШЖҚ-да бастаған. Еңбек жолында техник қызметінен бастап әкімшілендіру және жедел қызмет көрсету қызметінің басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтті.
Ақпараттық технологиялар саласында 20 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Ақпараттық-есептеу және желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру, техникалық қызмет көрсету және дамыту бағыттарында тәжірибесі мол.
Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін меңгерген.