Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының таныстырылымы өтті.
Құжат алдағы жылдарға арналған Қазақстанның цифрлық трансформациясының негізгі бағыттарын айқындайды, олардың қатарында жасанды интеллектіні енгізу, мемлекеттік қызметтерді, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын цифрландыру, ақылды қалаларды дамыту, цифрлық инфрақұрылымды нығайту және жаңа цифрлық экономиканы қалыптастыру бар.
Іс-шара барысында вице-министр Бахтияр Мұхаметкалиев негізгі басымдықтар мен бастамаларды іске асырудың практикалық тетіктерін таныстырып, мемлекет, бизнес және IT-сектор арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
«Digital Qazaqstan» стратегиясы 2029 жылға дейінгі кезеңді қамтитын, еліміздің цифрлық және AI-экожүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды жоспар болып табылады.