Басты бетИТО-да Архитектуралық комитет құрылды

ИТО-да Архитектуралық комитет құрылды

ИТО-да Архитектуралық комитет құрылды

Инженерлік-техникалық орталықта Архитектуралық комитет өз жұмысын бастады. Алқалы орган ИТО-ның корпоративтік IT-архитектурасы, цифрлық трансформациясы және технологиялық дамуы мәселелерімен айналысады.

Комитет құрамына Кәсіпорынның басқармалары мен бөлімдерінің басшылары кірді. Бірлескен отырыстарда қатысушылар өзекті міндеттер мен мәселелерді пысықтап, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласын қоса алғанда, архитектуралық шешімдер бойынша ұсыныстарымен алмасады.

Бүгінгі таңда төрт отырыс өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша цифрлық бастамаларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар айқындалды. Комитеттің жоспарында жұмысты TOGAF (The Open Group Architecture Framework) қағидаттарына сәйкес ұйымдастыру көзделген. Бұл корпоративтік архитектураны басқарудың халықаралық стандарты.

Мұндай тәсіл ИТО-ның IT-өнімдері мен жүйелері туралы деректерді жүйелеуге және өзектендіруге, сондай-ақ оларды мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен озық әлемдік тәжірибелерге сәйкес дамытуға мүмкіндік береді.