Инженерлік-техникалық орталық өз мамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Осы аптада Телекоммуникациялар басқармасының қызметкерлері Досбол Тахаманов пен Саябек Нурмагамбетов Астана қаласында Cisco компаниясы ұйымдастырған Cisco Collaboration Core BootCamp бағдарламасын сәтті аяқтады.
Оқыту барысында мамандар корпоративтік IP-телефония саласындағы білімдерін тереңдетіп, телекоммуникациялық жүйелерді баптау, пайдалану және диагностикалау бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.
Типтік техникалық міндеттерді шешу және ақауларды жою бойынша алған дағдыларын мамандар күнделікті жұмысында қолдана алады. Жинақталған тәжірибе ИТО телекоммуникациялық инфрақұрылымын одан әрі тиімді дамытуға және жетілдіруге бағытталатын болады.