Басты бет › ИТО КҚҰҮО КҮК-тің XVI отырысына қатысты

ИТО КҚҰҮО КҮК-тің XVI отырысына қатысты

ИТО КҚҰҮО КҮК-тің XVI отырысына қатысты

2026 жылғы 23 қыркүйекте Астанада Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының Консультативтік үйлестіру кеңесінің XVI-отырысы өткізілді. Отырысқа ҚР Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы директорының орынбасары Аслан Қабанбаев қатысты.

Отырысты «МТК» АҚ Басқарма Төрағасы Жүнісбек Асқар Рахымбайұлы ашты. ҚР ЖИЦДМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілі де құттықтау сөз сөйледі.

Отырыс барысында қатысушылар киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді, киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікті сынақтан өткізу жұмыстарын, сондай-ақ цифрлық үкіметтің QazTech платформасына көшу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ сайлау кезеңінде ҚР ОСК-дағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы киберқауіпсіздік саласы қызметкерлерінің қажетті құзыреттерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, қатысушылар Құзыреттер орталығының қызметін және КҚҰҮО КҮК «МТҚ» АҚ базасында технологиялық жүйелерді киберқорғау процестерін жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық Үйлестіру тобын құру бастамасын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар белгіленген мәселелер бойынша пікір алмасты және киберқауіпсіздік саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын айқындады.